58 жастағы Гюзаль Сафиуллина жүрек ауруынан көз жұмған. Қайғыға байланысты спортшыға Азиялық бокс конфедерациясы (ASBC) мен Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) вице-президенті Анас Алотаиба көңіл айтты.
"Гюзаль Сафиуллина 1962 жылы 25 маусымда дүниеге келген және ұлының спорттағы жолын бірінші қадамынан қолдап келді. Қазақстанда жатқан жері жайлы болып, жаны жай тапсын", - делінген Алотаибаның хатында.
33 жастағы Сафиуллин екі рет Азия чемпионы атанған - 2015 және 2019 жылдары. Наурызда Түркістан облысының тумасы Олимпиадаға іріктеу турнирінің финалына жетіп, карьерасында алғаш рет Токио-2020 ойындарына жолдама жеңіп алған.