Бокс
5 қаңтар 10:31

Қазақстан құрамасында Бибосыновты алмастыру мәселесі сөз етілді

©Тұрар Қазанғапов

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов боксшы Сәкен Бибосыновтың жарақаты мен оның орнын басатын үміткерлер туралы ойын айтты.  

- Жуырда Сәкен Бибосыновтың жарақаты туралы ақпарат шықты. Ол енді құрама сапында ұзақ уақыт өнер көрсете алмайтын шығар, сондықтан бұл 51 келідегі проблема болды. Оны кіммен алмастырасыз?

- Санжар Тәшкенбай, Сәкен Бибосынов, Махмұт Сабырхан - мұндай талантты боксшылар әлемде санаулы. Бұл салмақта бізде жақсы боксшылар бар, бірақ, олардың ісін лайықты жалғастыра алатындарды әзірге көріп тұрған жоқпын", - дейді бапкер "СПОРТ МИНИСТРІ" YouTube арнасында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport