Амманда (Иордания) өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнирде екі жас санатында – 15 жасқа дейін және 17 жасқа дейінгі боксшылар арасында жүлделер сарапқа салынды.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Біздің былғары қолғап шеберлері 44 жүлде жеңіп алды: 16 алтын, 15 күміс және 13 қола.
Екінші орынға Өзбекстан құрамасы жайғасты – 42 медаль (15 алтын, 15 күміс, 12 қола). Үздік үштікті Үндістан қорытындылады – 43 жүлде (15-6-22).
Сонымен қатар, үздік бестікке Украина (5-7-24) мен Иран (1-5-5) құрамалары кірді.
Айта кетейік, Амманда өткен бұл жарыс World Boxing ұйымының аясында өткен алғашқы құрлықтық турнир болды.
Жарнама