Бокс
26 мамыр 2025 09:43

Қазақстан құрамасы Таиландта бір боксшыға "кеміді"

©Видеодан кадр

Қазақстандық боксшы Шахназ Исаева Тайландтағы халықаралық турнирде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Vesti.kz.

57 келіге дейінгі салмақта өткен жекпе-жегінде ол ринг иесі Пунрави Руэнростан жеңілді.

Руэнрос – 2024 жылғы Азия чемпионы, 2022 жылғы құрлықтық турнирдің күміс жүлдегері, сондай-ақ екі дүркін әлем чемпионатының күміс (2022, 2025) және қола (2023) жүлдегері. Ол Токио-2020 және Париж-2024 жазғы Олимпиадаларына қатысқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport