Қазақстандық боксшы Әнел Сақыш Болгарияда өтіп жатқан "Странджа кубогі" турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол бразилиялық Ана Ливия Висенте Линаресті 4:1 есебімен жеңді.
Осылайша, жартылай финалға жолдама алған Әнел кем дегенде қола жүлдеге жетіп отыр. Бұл - Қазақстан үшін бүгінгі жарыстағы алғашқы жүлде.
Бұған дейін осы кезеңде Әйгерім Сәттібаева (48 кг) мен Әнел Құдайберген (48 кг) жеңіліс тапқан болатын.