Қазақстан бокс құрамасының капитаны Айбек Оралбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабаралйды Vesti.kz.
90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі ширек финалда Айбек Оралбай Англия боксшысы Мэтт Уильямспен жұдырықтасты. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы айқын басымдық танытып, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті - 4:1.
Осылайша, жартылай финалға жолдама алған Оралбай турнирдің кемінде қола жүлдесіне жетіп отыр.
Еске салайық, Boxam Elite–2026 халықаралық турнирі 3–8 ақпан аралығы өтуде және ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстарды қамтиды. Ерлер құрамасында Қазақстан атынан 10 салмақ дәрежесінде 18 боксшы, ал әйелдер арасында 9 салмақта 14 боксшысы жарысқа келген.
Айта кетейік, бұл турнир Қазақстан ұлттық құрамасы үшін жаңа бас бапкер Нұржан Насановтың жетекшілігіндегі алғашқы ресми халықаралық жарыс болып отыр. Ол 10 қаңтар күні команда тізгінін ұстап, бұл қызметте Қайрат Сәтжановты алмастырған еді.
Жарнама