Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үшінші алтын жеңіп алды

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Амман (Иордания) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын жүлдесін иеленді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Турнирдің ақтық жекпе-жегінде 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жапон боксшысы Ирие Сенаға қарсы жұдырықтасты. Тартысты өткен бұл кездесудің үш раунды аяқталған соң төрешілер жеңісті Карина Ибрагимоваға берді. 

Еске салайық, бұған дейін әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Алуа Балқыбекова (48 келі) және Жайна Шекербекова (54 келі) алтын жүлде жеңді. 

Ал Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Мадина Нұршаева (66 келі), Дариға Шәкімова (70 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81) қола жүлденің иегерлері атанды. 

Айта кетейік, бүгін тағы бір боксшымыз финалда өнер көрсетеді. 81 келіге дейінгі салмақта Гүлсая Ержан үндістандық Савитимен қолғап түйістіреді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport