Қазақстан құрамасынан екінші боксшы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатынан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
54 келіге дейінгі салмақта Элина Базарова Үндістан өкілі Прити Притимен айқаста 0:5 есебімен жеңілді.
Бұған дейін Қазақстан сапынан Жәзира Орақбаева (51 кг) рингке шыққан болатын, алайда, ол жарақатына байланысты жекпе-жекті аяқтай алмай, жарысты ерте аяқтаған еді.
Айта кетейік, турнир World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатыр және 10 сәуірге дейін жалғасады. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстанның төрт боксшысы кемінде қола жүлдені қамтамасыз етіп қойған.
Жарнама