Қазақстандық бұрымды боксшы Жасмин Қизатова Азия чемпионатындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Бангкоктағы турнир финалында ол 70 келіде өзбекстандық Азиза Зокированы жеңді.
"Бұл жеңісім қазақ еліне арналады! Қолдау көрсеткен бәріне үлкен рахмет айтамын" - дейді Жасмин.