Қазақстан қатысатын 2020 жылғы Олимпиадаға іріктеудің бірінші кезеңі өтпейді

© Sport.ua
2020 жылғы Олимпиадаға жолдама ойнатылатын Уханьдағы турнир өтпейтін болды. Бұл туралы ұйымдастырушылардың баспасөз хабарламасында айтылған.

Ақпанға жоспарланған лицензиялық турнирдің өтпеу себебі аталған қаладағы пневмонияның өршуі. Жергілікті ұйымдастыру комитеті спортшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін осындай шешім шығарды. 

Лицензиялық турнир өтетін жаңа орын мен уақытын кейін Халықаралық олимпиада комитеті хабарлайды. 

Еске салайық, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына іріктеудің бірінші кезеңі Уханьда ақпанның 3 мен 15 аралығы өтеді деп жоспарланған еді. Бұл жарысқа бокстан Қазақстан құрамасы да қатысу керек болатын.