Қазақстан Ханчжоуда қазылар аяқтан шалған боксшылар үшін соттасады
Қазақстанның бокс федерациясы Ханчжоуда өткен Азия ойындарындағы Асыланбек Шымбергенов пен Карина Ибрагимованың жекпе-жектеріне қатысты қазылар шешімін сот арқылы қайта қарауға салмақ, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстанның бокс федерациясы Ханчжоуда өткен Азия ойындарындағы Асыланбек Шымбергенов пен Карина Ибрагимованың жекпе-жектеріне қатысты қазылар шешімін сот арқылы қайта қарауға салмақ, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Құрметті достар, Азия ойындарындағы бокс турнирі аяқталды, бірақ әділдік үшін "айқас" емес. Қазақстан бокс федерациясы Қытайдағы рингте жекпе-жектерді ұйымдастырған PBU (Париж Олимпиадасындағы бокс бойынша ХОК-тың жұмыс тобы) ұйымымен соттасады. №1 міндет - Асыланбек Шымбергеновке Олимпиадаға лицензиясы мен Карина Ибрагимоваға алтын жүлдені қайтару!
Біз туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитетінің бастамасын толық қолдаймыз. Алайда ҚБФ құқықтық процедуралар мен іске асатын тәсілдерді қолданып өз бетінше күреседі.
Достар тағы айтайын, турнирді IBA емес ХОК өткізді, сондықтан мұнда аппелация мен қайта қарау деген жоқ. Оның үстіне ХОК-тің қазіргі тарихында бокстағы шешімді өзгерткен жағдай болған емес. Бірақ осының бәріне қарамастан - біз Асыланбек пен Карина үшін соңына дейін күресеміз.
Біз үшін олар нағыз чемпион.
Құрметпен, ҚБФ президенті Кеңес Рақышев", - делінген ҚБФ баспасөз хабарламасында.
Жарнама