Қазақстан халықаралық турнирде 11 жүлдемен Өзбекстанды артта қалдырды

©ҚБФ

Әзірбайжанда Гейдар Алиевтің 100 жылдығына өткен бокстан жастар арасындағы халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл жарысқа 11 елден жүзден аса боксшы қатысқан. Қазақстан бұл турнирде 11 жүлде - үш алтын, үш күміс және бес қола жеңіп алған. Чемпиондар Ержан Ізтілеуов (52 келі), Тагир Сатаев (63), Жасұлан Бердалы (70). 

Күміс Игорь Соловьев (63), Бекарыс Нұрмұхан (66), Бексұлтан Қайратұлы (80), ал қола - Рамазан Орынбасар (50), Асқар Қуаныш (63), Мұхит Нұрқабыл (57), Бақытжан Айтмұханов (75), Аният Тілеужанда (80). 

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы Ресейден кейін екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті Әзірбайжан түйіндеді. 

Бұл турнирде жекелей марапат та берілген екен. Мәселен, қазақстандық Данияр Ақбисенов "Ең табанды боксшы" атанған, ал өзбекстандық Бехруз Курбонов "Техникасы ең мықты" ретінде мойындалыпты. 

Жалпыкомандалық есеп мынадай:
1. Ресей — 4-3-3
2. Қазақстан — 3-3-5
3. Әзірбайжан — 3-1-13
4. Өзбекстан — 2-4-1
5. Беларусь — 1-0-1
6-7. Грузия — 0-1-0
6-7. Израиль — 0-1-0
8. Қырғызстан — 0-0-2

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport