Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы Италияың Бусто-Арсициосында өтіп жатқан лицензиялық турнирде алтыншы жолдаманы қоржынға салды.
80 келіде өнер көрсететін Нұрбек Оралбай ширек финалда ирландиялық Киллиан Кессидиді төрешілердің бөлек шешімімен жеңді - 3:2.
Осылайша, Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасына жолдаманы да жеңіп алды.
Бұған дейін Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұт Сабырхан (57 келіге дейін), Асыланбек Шымбергенов (71 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) Париж Олимпидасына лицензия иеленген еді.