Бокс
Бүгін 13:07

Қазақстан екі боксшыға қатысты World Boxing-ке наразылық білдірді

©ҚБФ

Қазақстан бокс федерациясы 2026 жылғы Азия ойындарындағы Махмұт Сабырхан мен Наталья Богданованың жартылай финалдық жекпе-жектерінің нәтижелерімен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, 55 келіге дейінгі салмақта Махмұт жартылай финалда Филиппин  боксшысы Карло Пааламға есе жіберді, ал Богданова (75 келі) 1/2 финалда үндістандық Ловлина Боргохаиннен жеңілді.

ҚБФ мәлімдемесі

"Жекпе-жектердің нәтижелерімен келіспейміз және World Boxing ұйымына наразылық жолдап жатырмыз", - делінген ҚБФ-ның Instagram желісіндегі хабарламасында.

2026 жылғы Азия ойындарының финалына қанша қазақстандық боксшы өтті?

70 келіге дейінгі салмақта алтын үшін Төрехан Сабырхан жұдырықтасады. Ал 90 келіден жоғары салмақта Қазақстан құрамасының намысын капитан Айбек Оралбай қорғайды.

2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегерлері қатарында Алуа Балқыбекова (51 келі), Наталья Богданова (75 келі) және Махмұт Сабырхан (55 келі) бар.

Бастапқыда Азия ойындарына Қазақстан құрамасынан алты ер және бес бұрымды, яғни, барлығы 11 боксшы қатысты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport