Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатында барлық ширек финалистер анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/8 финал кезеңін шығынсыз өткен жалғыз команда – Ресей құрамасы. Барлық 13 боксшысы өз жекпе-жектерінде жеңіске жетті.
Ширек финалға шыққан боксшылар саны бойынша екінші орында Өзбекстан құрамасы тұр - 11 спортшы. Үздік үштікті 10 боксшымен Қазақстан құрамасы түйіндеді.
Әлем біріншілігінің 1/4 финалына Қазақстаннан кім өтті?
Бұл кезеңге дейін жеткендер: Теміртас Жүсіпов (48 келі), Даниял Сабит (51 келі), Сәкен Бибосынов (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Абылайхан Жүсіпов (71 келі), Сабыржан Аққалыков (75 келі) және Нұрлан Сапарбай (+92 келі).
Бастапқыда Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына 13 боксшымен келген: жарыстан Ерасыл Жәкпеков (81 келі), Даулет Төлемісов (86 келі) және Нурмагамед Юсупов (92 келі) шығып қалды.
Бүгін Қазақстанның 10 боксшысы да рингке шығады.
18:15, 48 келі — Теміртас Жүсіпов – Лал Прасад Упрети (Непал);
18:45, 54 келі — Сәкен Бибосынов – Мвенго Мвале (Замбия);
19:00, 60 келі — Серік Теміржанов – Акмал Убайдов (Тәжікстан);
19:30, 67 келі — Санатәлі Төлтаев – Асадхужа Муйдинхужаев (Өзбекстан);
20:15, 75 келі — Сабыржан Аққалыков – Мирослав Капулер-Ищенко (Израиль);
21:15, +92 келі — Нұрлан Сапарбай – Давид Чалоян (Армения);
22:15, 51 келі — Даниял Сабит – Патрик Чинемба (Замбия);
22:30, 57 келі — Оразбек Асылқұлов – Карлос Мартинес Бернад (Испания);
23:15, 63,5 келі — Ертуған Зейнуллинов – Ахмад Штиви (Израиль);
23:45, 71 келі — Абылайхан Жүсіпов – Сархан Алиев (Әзербайжан).
Айта кетейік, жартылай финалға жеткен боксшылар жоқ дегенде қола жүлдеге ілігеді.
Жарнама