Таразда бокстан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты жалғасуда.
Ел біріншілігі аясында ерлер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды.
Нәтижесінде Нұрзат Оңғаров (50 келі), Диас Берікбай (50 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Бексұлтан Хужанжар (55 келі), Бибарыс Жексен (60 келі), Әділбек Қожахан (60 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (65 келі), Абзал Серік (65 келі), Фарух Тоқтасынов (70 келі), Елнұр Сүйінбай (70 келі), Аман Қонысбеков (75 келі), Нұрбек Мурсал (75 келі), Санжар-Әли Бегалиев (80 келі), Өнер Сейілхан (80 келі), Темірлан Мұқатаев (85 келі), Сұлтанбек Айбарұлы (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Дәулет Төлемісов (90 келі), Данияр Рахымбердинов (90 келіден жоғары), Ерсұлтан Сапар (90 келіден жоғары) финалға жолдама алды.
Ал Даниял Сәбит (50 келі), Дамир Әбдіқадыр (50 келі), Нұрислам Бекен (55 келі), Тимур Қабдешов (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Рамазан Орынбасар (60 келі), Илья Калинин (65 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Мұхит Нұрқабылұлы (70 келі), Алмат Әбдуәли (70 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Акбар Қазақбай (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Диас Молжігітов (80 келі), Бекнұр Батырбек (85 келі), Тимур Нұрсейітов (85 келі), Нурмагамед Юсупов (90 келі), Ілияс Жандау (90 келі), Нұрлан Сапарбай (90 келіден жоғары), Асылан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, финал 6 қарашада өтеді.
Жарнама