Бокстан Семейде өткен ел чемпионатының ең үздік боксшысы Сабыржан Аққалықов баспаналы болды. Бұл туралы журналист Аслан Қаженов хабарлады.
– Сабыржан Аққалықовқа өзі тұрып жатқан Қарағанды облысы Шахтинск қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Енді анасы бар, қос қарындасы бар, жаңа шаңыраққа қоныс аударады. Ал, Сабыржаның өзі осыдан керемет мотивация алып, жеңіс жолын жалғастырады деп үміттенеміз. Техникасы керемет. Потенциалы жоғары. Қазір аймақтық және республикалық федерациясының қолдауы да ерекше. Осының арқасында әлі талай биікті бағындырады. Әлі талай әлемді мойындатады деп сенеміз, - деп жазды журналист.
Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов Семейде ел чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта топ жарған болатын. Финалда қарсыласын нокаутпен жеңіп шықты.
Жарнама