auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан Болгариядағы кіші ӘЧ-ге екі кәсіпқой боксшыны апарады

Қазақстан Болгариядағы кіші ӘЧ-ге екі кәсіпқой боксшыны апарады
©Sports.ru

Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген екі бірдей қазақстандық боксшы ұлттық құрамамен бірге Софияда өтетін халықаралық турнирге қатысады. Кіші әлем чемпионаты аталып кеткен бұл жарысқа қатысатын боксшылар тізімі жарияланып үлгерді, деп жазады Мassaget.kz

Ұлттық құрама сапына кәсіпқой бокста жұдырықтасып үлгерген Тұрсынбай Құлахмет пен Талғат Шәйкен шақырту алған. Олар 80 және 71 килоға дейінгі салмақта ел намысын қорғайды. 

Софиядағы "Странджа" турнирі биыл 2-12 ақпан аралығында өтеді. Онда отандастарымыз 10 салмақ дәрежесінде жүлдеге таласатын болады. Өткен жылы боксшыларымыз алтын алмай қайтқан еді. 

Тұрсынбай Құлахмет 2020 жылдан бері кәсіпқой бокста бақ сынап жүр. 7 жекпе-жек өткізіп, 6-да жеңіске жетті. 1 рет қарсыласына есе жіберді. Өткен жылдың желтоқсан айында Сандерлендте француз боксшысы Фуад Эль-Массудиді төрешілер шешімімен жеңіп шықты. Әуесқой бокста әлем чемпионатының қола жүлдегері (2019 ж), сондай ересектер және жастар арасында Азия чемпионы. 

Талғат Шәйкен болса 2022 жылдың қараша айынан бері кәсіпқой бокс жекпе-жегіне шыққан жоқ. Әуесқой бокста жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, жастар арасында Азия чемпионы. 

Турнирде бақ сынайтын боксшылар қатарында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар.

51 кг: Санжар Тәшкенбай
54 кг: Дәулет Молдашев
57 кг: Оразбек Асылқұлов
60 кг: Руслан Күзеубаев
63,5 кг: Ерасыл Таңқай
67 кг: Дулат Бекбауов
71 кг: Талғат Шайкен
75 кг: Нұрқанат Райыс
80 кг: Тұрсынбай Құлахмет
86 кг: Абзал Құттыбеков. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама