Қазақстан боксының болашақ супержұлдызы кім екені айтылды
Азиялық бокс конфедерациясы (ASBC) Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Төрехан Сабырханның сәтті өнер көрсеткенін атап өтті, деп жазады Vesti.kz.
Азиялық бокс конфедерациясы (ASBC) Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Төрехан Сабырханның сәтті өнер көрсеткенін атап өтті, деп жазады Vesti.kz.
Ол 67 келіде Азия чемпионы атанды.
"Қазақстан тарихында жастар арасында алғашқы төрт дүркін Азия чемпионы Төрехан Сабырхан Астанадағы турнирде атағын 67 келіде қорғап қалып, жарыстың үздік боксшысы атанды.
Төрехан - болашақтағы басты үміттердің бірі. 18 жастағы талант Олимпиадаға жолдама алған Махмұт Сабырханның інісі. Азия чемпионатын алғаш рет 2021 жылы жеңіп алды. Одан кейін 2022 және 2023 жылдары да жеңімпаз атанды.
Төрехан Астанада өткен жарыстың басты жұлдызы болды. Оның бір-ақ мақсаты бар еді - кезекті алтынды жеңіп алу. Ол бұл мақсатын сәтті орындап, жастар арасындағы төрт дүркін Азия чемпионы болған бірінші боксшы атанды", - деп жазады ASBC.
Жарнама