Бокс
30 мамыр 2025 14:02

Қазақстан боксы Азиядағы қозғаушы күш екені ресми мойындалды

©СДД

Азия бокс конфедерациясы (ASBC) жастар мен 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының көрсеткен нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шри-Ланка астанасы Коломбода өткен бұл жарыста 23 елдің ішінен 19 мемлекеттің боксшылары жүлде иеленді.

"Қазақстан жүлделік есепте бірінші орын алды, олар керемет нәтиже көрсетіп, 41 алтын жеңіп алды. Коломбода өнер көрсеткен Қазақстанның жас әрі болашағынан үміт зор боксшылары өте жоғары деңгей көрсетті және барлық титулдардың 80 пайыздан астамын жеңіп алды да, Орта Азияда бокстың қозғаушы күші екенін тағы бір дәлелдеді", — делінген ASBC мәлімдемесінде.

Бұл чемпионатқа Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Камбоджа, Француз Полинезиясы, IBA-Үндістан, Индонезия, Ирак, Қазақстан, Қырғызстан, Кувейт, Малайзия, Моңғолия, Непал, Жаңа Зеландия, IBA-Пәкістан, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка, Тәжікстан, Таиланд, БАӘ, Өзбекстан және Вьетнам боксшылары қатысты.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport