Нидерландтың Эйндховен қаласында Қазақстанның бокс құрамасы қатысқан Eindhoven Box Cup халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еуропаның үздік былғары қолғап шеберлері жиналған бұл турнирде қазақстандық боксшылар жоғары дайындық деңгейі мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті. Ұлттық құрама қоржынына бұл жарыста сегіз жүлде түсті.
Алтын жүлде алған боксшылар:
Даниял Сабит - 50 келіге дейін
Абылайхан Жүсіпов - 70 келіге дейін
Ерасыл Жақпеков - 80 келіге дейін
Дәулет Төлемісов - 85 келіге дейін
Нұрлан Сапарбай - 90 келіден жоғары
Қола жүлде иегерлері:
Ертуған Зейнуллинов - 65 келіге дейін
Сабыржан Аққалақов - 75 келіге дейін
Сағындық Тоғамбай - 90 келіге дейін
Айта кетейік, Eindhoven Box Cup – әуесқой бокста Еропадағы ең беделді турнирлерінің бірі. Бұл жарыс қазақстандық спортшылар үшін Олимпиада ойындарының іріктеу турнирлері мен басқа да халықаралық додаларға дайындықтың маңызды кезеңі болып табылады.
Жарнама