Астанада өтіп жатқан бокстан "Елорда кубогі" халықаралық турнирінің үшінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер арасында жартылай финалға шыққан боксшылар саны бойынша көш бастап тұр.
Қазақстандықтардан финалға жолдама үшін 31 боксшы жұдырықтасады.
Екінші орында Өзбекстан, көрші елден жартылай финалға бес боксшы жетіп отыр. Топ-3 тізімде соңғы Үндістан - 1/2 финалға төрт өкілі жетіп отыр.
Жапония мен Иранда жартылай финалға жеткен үш боксшыдан бар. Ал Қытай, Әзірбайжан мен Қырғызстан атынан екі-екі боксшыдан финалға таласады.
Еске салайық, турнир 18 мамырда аяқталады.