Алматыда Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Чемпион атағы үшін Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия, Өзбекстан және Иран елдерінен келген 200-ден астам боксшы бақ сынады.
Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық былғары қолғап шеберлері он алтын жеңіп алды.
Бекзат Алдамжаров (51 кг)
Ернұр Қайрат (54 кг)
Асылжан Серікбай (57 кг)
Талғат Сырымбетов (60 кг)
Әубакір Маханбет (67 кг)
Нұрбол Мұхаметәлі (75 кг)
Ақжол Әбдихан (80 кг)
Темірлан Мұқатаев (86 кг)
Бекболат Әбдікәрім (92 кг)
Асылан Елдібайұлы (92+ кг)
Сонымен қатар, Әзербайжаннан келген Субхан Мамедов (48 кг), Мақсұд Хасметов (63,5 кг) және түркменстандық Байрамдурды Нурмухаммедов (71 кг) те алтын иеленді.
Айта кетейік, турнир жеңімпаздарының барлығына спорт шебері атағы берілді.