Қазақстандық боксшы Аяулым Оспанова бокстан Азия чемпионатында үшінші жыл жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан U-17 санатындағы Азия чемпионатының финалында 66 келіге дейінгі салмақта Аяулым Оспанова қытайлық Ди Цяомен кездесіп, жеңіске жетті.
Ал 75 келіге дейінгі салмақта өткен тағы бір финалда Диана Надырбек Үндістан өкілін 4:1 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.
Осылайша, Қазақстанның U-17 құрамасы жарыс күніндегі үшінші алтын медалін қоржынға салды.
Бұған дейін Хатшепсут Садвакасова 50 келіге дейінгі салмақта финалда ринг қожайынын жеңіп, чемпион атанған еді.
Жарнама