Бокс
Бүгін 10:24

Қазақстан боксшысының ӘЧ-дегі жекпе-жегінде сенсация болды

©

Қазақстандық боксшы Санжарәлі Бегалиев Софияда (Болгария) өтіп жатқан халықаралық "Странджа кубогы - 2026" турнирінен шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бегалиев Бразилия боксшысы Кауэс дос Сантос Белинимен жұдырықтасты. Жекпе-жек төрешілердің ортақ шешімімен бразилиялық боксшының пайдасына аяқталды.

"Странджа кубогы - 2026" турниріндегі қазақстандықтардың бұған дейінгі айқастардағы нәтижелері:

Бекзат Алдамжаров (50 кг) 1/8 финалда Асильбек Жалиловқа есе жіберді
Фарух Тохтасынов (70 кг) 1/16 финалда австриялық Арсен Чабиянды жеңді
Бағлан Кенжебек (55 кг) 1/16 финалда Ниджат Гусейновтан басым түсті
Тимур Қабдешов (55 кг) ирландиялық Пэтси Джойсты жарыстан шығарды
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (77 кг) 1/16 финалда Абдулазиз Журакуловты жеңді
Нурмагамед Юсупов (90 кг) уэльстік Коннор Уильямсты жеңіп, 1/4 финалға шықты
Руслан Кузеубаев (90 кг) 1/8 финалда америкалық Салим Эллис-Бейге есе жіберді
Жексен Бейбарыс 1/16 финалда моңғолиялық Лундаа Гантумурдан жеңілді
Диас Молжигитов (80 кг) 1/16 финалда америкалық Робби Гонзалезден айласын асыра аламады. 

Айта кетейік, "Странджа кубогы - 2026" турниріне Қазақстан атынан 39 боксшы (19 ер және 20 әйел) қатысуда. Кейбір салмақ дәрежелерінде ел намысын бірден үш спортшы қорғап жатыр. Бұл жарыс Еуропанының ең көне бокс турнирі саналады және маңызына байланысты кіші әлем чемпионаты аталып кеткен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport