Қазақстандық боксшы Хамза Мақсатұлы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Futures Cup U-19 халықаралық турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында ол аустралиялық Жидеон Сансон Таулиалиамен қолғап түйістіріп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде тағы бір қазақстандық боксшы Даниал Шалқарбай (65 кг) жеңіліс тапқан еді. Ол екінші раундта нокдаунға түсіп, қарсыласына есе жіберді.
Жарнама