Қазақстандық боксшы Владислав Саможонов World Boxing ұйымы Бангкок қаласында (Таиланд) өткізіп жатқан Futures Cup U-19 халықаралық турнирінде жүлдеге ілікті, деп хабарлайды Vesti.kz.
90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі 1/4 финалда Владислав Саможонов жаңа зеландиялық Те Ани Ракетемен кездесті.
Екінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет тік тұрған күйінде нокдаунға түсірді. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті Саможоновтың айқын басымдығына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатты.
Осы жеңістің арқасында Владислав Саможонов турнирдің жартылай финалына өтіп, өзіне кемінде қола жүлдеге жетіп отыр.
Айта кетейік, Futures Cup U-19 турнирі жасөспірім боксшылар арасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қазақстан бұл жарысқа 19 боксшыны жіберген болатын.
Турнир 15 наурызға дейін өтеді.