1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
11 наурыз 15:04
 

Қазақстан боксшысы World Boxing турнирінде қарсыласын нокаутқа түсірді

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан боксшысы World Boxing турнирінде қарсыласын нокаутқа түсірді ©ҚР ҰОК, иллюстрациялық сурет

Қазақстандық боксшы Владислав Саможонов World Boxing ұйымы Бангкок қаласында (Таиланд) өткізіп жатқан Futures Cup U-19 халықаралық турнирінде жүлдеге ілікті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Владислав Саможонов World Boxing ұйымы Бангкок қаласында (Таиланд) өткізіп жатқан Futures Cup U-19 халықаралық турнирінде жүлдеге ілікті, деп хабарлайды Vesti.kz.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі 1/4 финалда Владислав Саможонов жаңа зеландиялық Те Ани Ракетемен кездесті.

Екінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет тік тұрған күйінде нокдаунға түсірді. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті Саможоновтың айқын басымдығына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатты.

Осы жеңістің арқасында Владислав Саможонов турнирдің жартылай финалына өтіп, өзіне кемінде қола жүлдеге жетіп отыр.

Айта кетейік, Futures Cup U-19 турнирі жасөспірім боксшылар арасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қазақстан бұл жарысқа 19 боксшыны жіберген болатын.

Турнир 15 наурызға дейін өтеді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!