Қазақстандық боксшы Сұлтанбек Айбарұлы "Странджа кубогі"-2026 турнирінің 1/4 финалына жолдама алды. Бұл турнир беделіне байланысты кіші әлем чемпионаты деп те аталады, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/8 финалда 85 келіге дейінгі салмақта Айбарұлының қарсыласы Саба Квиникадзе (Грузия) болды.
Жекпе-жек қазақстандық спортшының басымдығымен өтті. Раундтар есебі Айбарұлының пайдасына - 4:1, 5:0, 4:1. Жекпе-жек төрешілер жеңісті 5:0 есебімен бірауыздан қазақстандыққа берді.