Бокс
Бүгін 18:22

Қазақстан боксшысы Ташкенттегі АЧ финалында ринг қожайынын нокаутқа түсірді

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Аян Бауыржан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан U15 және U17 жас санаттарындағы Азия чемпионатының алтынын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық боксшы турнир қожайыны - өзбекстандық Улмасбек Сатимовпен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек Аян Бауыржанның айқын басымдығымен өтті. Қазақстандық боксшы рингте толық үстемдік танытып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Ол қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Аян Бауыржан Азия чемпионы атанса, Улмасбек Сатимов өз жеріндегі турнирді күміс жүлдемен аяқтады.

Бұған дейін 61 келіде Рауан Тоғызбай өзбекстандық қарсыласын төрешілер шешімімен жеңіп, алтын жүлде алған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport