Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Софияда (Болгария) өтіп жатқан кіші әлем чемпионаты аталып кеткен "Странджа кубогы - 2026" турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда қазақстандық спортшы 2024 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, өзбекстандық Абдулазиз Журакуловпен кездесті.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша Базарбайұлы жеңіске жетіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті. Ал Журакулов жарысты 1/16 финал сатысында аяқтады.
Осылайша, қазақстандық боксшы "Странджа кубогы - 2026" турниріндегі жүлде үшін күресін жалғастырады.