Қазақстан құрамасынан Болгарияда өтіп жатқан халықаралық "Странджа кубогы"- 2026 турнирінде тағы бір боксшы жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жолы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Фарух Токтасынов көзге түсті. Ол ширек финалда Германия өкілі Рэнди Ботикалимен қолғап түйістіріп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осы нәтижесінің арқасында қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алып, турнирдің кемінде қола жүлдесіне жетті.
Айта кетейік, "Странджа кубогы" маңызына байланысты бокстан кіші әлем чемпионаты деп те аталады.
Жарнама