Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Балоев (15-3-1, 9 КО) реселік нокаутшы Умар Саламовтан (33-2, 24 КО) жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Грозныйда (Шешенстан, Ресей) өткен жекпе-жекте бірінші ауыр салмақто бос тұрған IBF European титулы сарапқа салынды.
Жекпе-жек толық 10 раундқа созылды
Балоев пен Саламов рингте белгіленген 10 раундтың барлығын өткізді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің үшеуі де жеңісті ресейлік боксшыға берді. Осылайша, Саламов IBF European белбеуінің жаңа иегері атанды.
Бұл Саламовтың кәсіпқой карьерасындағы 33-ші жеңіс болды. Ресейлік боксшы оның жиырма төртін нокаутпен аяқтаған. Сонымен қатар, оның еншісінде екі жеңіліс бар.
Ал Балоев кәсіпқойда үшінші жеңілісіне ұшырады. Бұған дейін ол 15 жеңіс пен бір тең нәтиже тіркеген.
Балоев – Қазақстанның бірінші ауыр салмақтағы үздік боксшыларының бірі
Әли Балоев бұған дейін NABF Junior нұсқасы бойынша Солтүстік Американың жастар чемпионы атанған.
Қазақстандық боксшының BoxRec әлемдік рейтингіндегі ең жоғары көрсеткіші - 40-орын. Ол бұл нәтижеге 2023 жылдың қыркүйегінде қол жеткізген.
Балоев Қазақстанның бірінші ауыр салмақтағы танымал боксшыларының бірі саналады. Бұған дейін ол өз салмағындағы әлемнің үздік 40 боксшысының қатарына кірген.
Жарнама