Бокс
Бүгін 09:32

Қазақстан боксшысы финалда өзбекстандық қарсыласын нокаутқа түсірді

©

Қазақстандық боксшы Айдана Убайдуллақызы Бангкокта (Таиланд) өткен Futures Cup U-19 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол өзбекстандық Асалой Бахтиёровамен кездесті. Екінші раундта Убайдуллақызы бірнеше соққыдан тұратын сәтті серия өткізіп, нәтижесінде төреші өзбекстандық бкосшыға нокдауна есептей бастады да, ары қарай жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің алтын жүлдесін жеңіп алды.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport