Болгария астанасы София қаласында халықаралық беделді турнир - Странджа кубогінің жеребесі тартылды. "Кіші әлем чемпионаты" деп аталып кеткен биылғы турнирге Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Осылайша, Еуропаның ең көне бокс жарысында қазақстандық боксшылардың бірінші қасрыластары анықталды.
Әйелдер құрамасының алғашқы жекпе-жектері48 кг дейін:
Айгерім Сәттібаева — Анна Охота (Украина)
Әнел Құдайберген — Сабина Бобокулова (Өзбекстан)
51 кг дейін:
Жазира Орақбаева — Фатиха Мансури (Алжир)
Анита Адишева — Кэтлин Фрейерс (Ирландия)
54 кг дейін:
Элина Базарова — Моник Сурачи (Аустралия)
Жайна Шекербекова — Тала Хаббас (Болгария)
Әнел Сақыш — Энхжаргал Мунгунцэцэг (Моңғолия)
57 кг дейін:
Ұлжан Сәрсенбек — Айдана Забынбекова (Қазақстан — Қазақстан)
60 кг дейін:
Виктория Графеева — Келли/Гузем (Түркия) жекпе-жегінің жеңімпазы
Римма Волосенко — Алиша Крокетт (АҚШ)
65 кг дейін:
Лаура Есенкелді — Мари-Анджелс Росендо (АҚШ)
Аружан Жанабаева — Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
70 кг дейін:
Бақыт Сейдіш — Перейра дос Сантос (Бразилия)
Мадина Нұршаева — Дилара Сак (Түркия)
75 кг дейін:
Валентина Хальзова — Амалия Нита (Румыния)
Мария Сидоренко — Наоми Грэхэм (АҚШ)
80 кг дейін:
Надежда Рябец — Дузтас (Түркия) / Паприева (Өзбекстан) жекпе-жегінің жеңімпазы
+80 кг:
Дина Исламбекова — Хавванур Кетхуда (Түркия)
Валерия Аксёнова — Сабира Шахобиддинова (Өзбекстан)
50 кг дейін:
Даниял Сабит — Улас Ялкинкая (Түркия)
Бекзат Алдамжаров — Асылбек Жалилов (Өзбекстан)
55 кг дейін:
Тимур Қабдешов — Пэтси Джойс (Ирландия)
Бағлан Кенжебек — Ният Хусейнов (Әзірбайжан)
60 кг дейін:
Бейбарыс Жексен — Лундаа Гантумур (Моңғолия)
Руслан Күзеубаев — Салим Эллис-Бей (АҚШ)
65 кг дейін:
Ертуған Зейнуллинов — Джейсон Невин (Ирландия)
Әбдікәрім Әбдіғалым — Абдуллох Мадаминов (Өзбекстан)
Илья Калинин — Заур Гахраманов (Әзірбайжан)
70 кг дейін:
Фарух Тохтасынов — Арсен Чабян (Аустрия)
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Абдулазиз Журакулов (Өзбекстан)
80 кг дейін:
Санжарәлі Бегалиев — Кауэ дос Сантос Белини (Бразилия)
Диас Молжігітов — Робби Гонсалес (АҚШ)
85 кг дейін:
Сұлтанбек Айбарұлы — Саба Квиникадзе (Грузия)
Бекзат Таңатар — Паоло Карузо (Италия)
90 кг дейін:
Нурмагамед Юсупов — Коннор Уильямс (Уэльс)
Дәулет Толемісов — Семён Болдырев (Болгария)
+90 кг:
Нұрлан Сапарбай — Даниял Сапарбай (Қазақстан — Қазақстан)
Айта кетейік, 2025 жылғы Странджа кубогында Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең үздік нәтижесін көрсетіп, 6 алтын жүлдемен жалпы есепте бірінші орын алған еді. Биыл да жанкүйерлер отандастарымыздан жоғары нәтиже күтеді.