Қытайдың Гуйян қаласында өтетін World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңінде Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
15-21 маусым аралығында өтетін жарысқа әлемнің 44 елінен 333 боксшы қатысады. Қазақстан намысын турнирде 17 спортшы қорғайды.
Ерлер құрамасының алғашқы жекпе-жектері
50 кг дейін: Санжар Тәшкенбай — Кин Хиу Тан (Тайбэй) мен Анварэан Ходжиев (Қырғызстан) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі;
55 кг дейін: Тимур Қабдешов — Келви Триндади (Бразилия);
60 кг дейін: Серік Теміржанов — Денис Бриль (Германия);
65 кг дейін: Санатәлі Төлтаев — Малик Хасанов (Әзербайжан);
70 кг дейін: Абылайхан Жүсіпов — Кайан Рейс (Бразилия);
75 кг дейін: Тимур Нұрсейітов — Тиг О'Доннелл (Ирландия);
80 кг дейін: Сабыржан Аққалықов — Ван Сяобао (Қытай);
90 кг дейін: Нұрбек Оралбай — Ким Гичэ (Оңтүстік Корея);
+90 кг: Айбек Оралбай — Наджай Райт (АҚШ).
Әйелдер құрамасының алғашқы қарсыластары
51 кг дейін: Алуа Балқыбекова — Ирисмар Кардосо (Колумбия) мен Чутхамат Раксат (Таиланд) арасындағы кездесудің жеңімпазы;
54 кг дейін: Назым Қызайбай — Им Эджи (Оңтүстік Корея);
60 кг дейін: Виктория Графеева — Мария Аль-Ахмадие (Канада) мен О Ен Джи (Оңтүстік Корея) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы;
65 кг дейін: Аида Әбікеева — Мария Росендо (АҚШ) мен Цецегдари Мягмарсурен (Моңғолия) арасындағы кездесудің жеңімпазы;
70 кг дейін: Лаура Есенгелді — Дуния Мартинес Мас (Испания);
75 кг дейін: Наталья Богданова — Бао Цзыи (Қытай);
80 кг дейін: Валерия Аксёнова — Давина Мишель (Франция) мен Рухшона Парпиева (Өзбекстан) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы;
+80 кг: Дина Исламбекова — Клиона Дарси (Ирландия).
Алғашқы кезеңдегі жетістік
Еске салайық, сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен World Boxing Әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан құрамасы жеті жүлде жеңіп алған болатын.
Қазақстан қоржынына үш алтын, бір күміс және үш қола түсті. Чемпион атанғандар қатарында Виктория Графеева, Сұлтанбек Айбарұлы және Валерия Аксёнова болды. Аида Әбікеева күміс жүлдеге ие болса, Диас Молжігітов, Алуа Балқыбекова және Жібек Жарасқызы қола жеңіп алған еді.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы Бразилия мен Қытайдан кейін үшінші орынға тұрақтады.
Жарнама