Бүгін, 5 қыркүйек Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионатының екінші жарыс күні өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан атынан екі бұрымды боксшы шаршы алаңға шығады.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Карина Ибрагимова 1/16 финалда грекиялық Панайоту Кузилумен кездеседі. Ал 65 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева Венгрия боксшысы Лука Хаморимен қолғап түйістіреді.
Қос боксшы күндізгі сессияда өнер көрсетеді. Басталуы – Астана уақытымен сағат 15:00-де.
Әйелдер, 57 кг: Карина Ибрагимова – Панайоту Кузилу (Грекия) – ринг B, жұп №1
Әйелдер, 65 кг: Аида Әбікеева – Лука Хамори (Венгрия) – ринг A, жұп №7
Жекпе-жектердің тікелей көрсетілімі Qazsport және Sport Plus арналарында қолжетімді.
Қазақстан боксшыларының жекпе-жектеріне тікелей көрсетілім
Еске салайық, бұған дейін Сағындық Тогамбай (90 кг) ағылшын Айзек Окоды жеңіп, камбэк жасаса, Элина Базарова (54 кг) өзбекстандық Нигина Уктамовадан жеңілді.
Жарнама