Бокс
4 қыркүйек 09:16
 

Қазақстан боксшыларының ӘЧ-нің бірінші күніндегі айқастарына трансляция

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан боксшыларының ӘЧ-нің бірінші күніндегі айқастарына трансляция ©

Бүгін, 4 қыркүйек Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 4 қыркүйек Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл турнир жаңа ұйым World Boxing туы астында өтетін алғашқы жарыс болмақ.

Қазақстандық боксшылар алғашқы күні екі жекпе-жекке қатысады. Әйелдер арасындағы 54 келі салмақта Элина Базарова Өзбекстан боксшысы Нигина Уктамовамен кездеседі. Ал ерлер арасында Сағындық Тоғамбай 90 келі салмақта ағылшын боксшысы Айзек Окоумен жұдырықтасады.

Чемпионаттың тікелей трансляциясы Qazsport және Sport Plus телеарналарынан көрсетіледі.

Екі қазақстандық спортшы кешкі сессияда рингке шығады. Кешкі сессия Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады.

Әйелдер, 54 келі салмақта – Элина Базарова – Нигина Уктамова (Өзбекстан) – Ринг A, жұп №2
Ерлер, 90 келі салмақта – Сағындық Төгамбай – Айзек Око (Англия) – Ринг B, жұп №13

Қазақстан боксшыларының жекпе-жектерін қашан және қайда көруге болады

Еске сала кетейік, 2025 жылғы әлем чемпионатына Қазақстаннан 20 боксшы қатысады – ерлер және әйелдер арасында 10 боксшыдан. Бұған дейін жеребе тарту рәсімі өтіп, қазақстандықтардың алғашқы қарсыластарын анықталған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!