Бокс
Бүгін 09:52
 

Қазақстан боксшылары Өзбекстаннан басым түсіп 21 жүлде жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан боксшылары Өзбекстаннан басым түсіп 21 жүлде жеңіп алды ©asbcnews

Бокстан Қазақстанның жастар құрамасы Румынияның Браиле қаласында өткен Dracula Open-2025 халықаралық турнирінде дүркіреді, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

Бокстан Қазақстанның жастар құрамасы Румынияның Браиле қаласында өткен Dracula Open-2025 халықаралық турнирінде дүркіреді, деп жазады Vesti.kz.

Жарыс финалында қазақстандық 15 боксшы алтынға айқасты, үш кездесуде дерби болды. Финал қорытындысы бойынша төрт қазақстандық алтын алды. 

Жалпы қазақстандық боксшылар 21 жүлде алды: 4 алтын, 11 күміс және 6 қола.

Чемпион болғандар Арман Мірсәбит (46 кг), Дулат Азиз (57 кг), Төреғали Сейдуллаев (70 кг) және Әділ Меделхан (80 кг).

Күміс жүлдені Алмас Жүнісов (46 кг), Асылан Жеңісбаев (48 кг), Едіге Нұрғожа (50 кг), Ұлас Әлімжан (52 кг), Мадияр Әбдікаримов (54 кг), Амар Рамазан (63 кг), Темірлан Ералиев (66 кг), Абылай Талғат (70 кг), Мансұр Амантай (75 кг), Нұрасыл Айтекеев (80 кг) және Еркетаң Жарқынбек (80+ кг) жеңіп алды.

Қала жүлдегерлер: Заманхан Амангелді (50 кг), Саят Қаратаев (60 кг), Дарын Тасмұханбетов (63 кг), Таңнұр Сейсенбай (75 кг), Бақдәулет Тәжі (80 кг) және Темірлан Найзабасов (80+ кг).

Жарыс қортыныдысы бойынша Қазақстан құрамасы Өзбекстан мен Румыния (үш алтыннан), Украина (екі алтын) және Грекияны (бір алтын) артта қалдырып, Dracula Open-2025 турнирінің жалпы командалық есебінде бірінші болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!