Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы екі қазақстандық боксшы финалға өтті. Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан құрлық біріншілігінің шеуші кезеңіне Аруна Шалман мен Айару Файзуллаева жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
15 жасқа дейінгі жас санатында алтын үшін Аруна Шалман мен Айару Файзуллаева бақ сынайды.
55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Шалман жартылай финалда Қытайлық Тайбэй өкілі Шу-Йен Линмен кездесіп, жекпе-жекті созбай, бірінші раундта сенімді жеңіске жетті.
Ал 61 келіге дейінгі салмақтағы Айару Файзуллаева Өзбекстан боксшысы Зухра Исмаиловадан басым түсті. Бұл жекпе-жек те бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
Жарнама