Қазақстандық боксшылар 17-18 жас аралығындағы "Адриатика маржаны" халықаралық турнирінде үлкен жетістікке жетті. Турнир Будвада (Черногория) 4-11 наурыз аралығында өтті, деп хабарлайды Vesti.kz Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы жалпы есепте 19 жүлде, оның ішінде жеті алтын жеңіп алды.
Жүлдегер атанған қазақстандық боксшылардың тізімі:Ерлер:
1-орын: Әділ Асқанбай (50 кг)
1-орын: Данияр Ақбисенов (60 кг)
1-орын: Ақжүрек Қалабай (65 кг)
2-орын: Нұрхан Құмарбеков (50 кг)
2-орын: Айдамир Сауытбек (+90 кг)
3-орын: Нұрбек Қыздарбек (80 кг)
3-орын: Дәулет Төлеуғалиев (+90 кг)
Әйелдер:
1-орын: Мадира Жұмақан (48 кг)
1-орын: Рамина Маханова (54 кг)
1-орын: Алина Құдайгенова (60 кг)
1-орын: Алтынгүл Аймұхан (75 кг)
2-орын: Ғабит Ғалиябану (48 кг)
2-орын: Жанел Имантаева (54 кг)
2-орын: Индира Қыдырмолдаева (60 кг)
2-орын: Жайнағұл Сабыржан (65 кг)
2-орын: Жансая Молдабаева (80 кг)
3-орын: Жәмила Болатбекқызы (54 кг)
3-орын: Жаннұр Қалдыбек (54 кг)
3-орын: Ксения Свечкарова (65 кг).