Бокс
11 маусым 10:11
 

Қазақстан боксшылары Еуропадағы беделді турнирдің жүлделік есебінде бірінші болды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан боксшылары Еуропадағы беделді турнирдің жүлделік есебінде бірінші болды ©

Қазақстанның бокс құрамасы Нидерландының Эйндховен қаласында өткен халықаралық Eindhoven Box Cup турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстанның бокс құрамасы Нидерландының Эйндховен қаласында өткен халықаралық Eindhoven Box Cup турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық спортшылар сегіз жүлде жеңіп алды – бес алтын және үш қола.

Алтын жүлдені жеңіп алғандар:

50 кг – Даниял Сабит
70 кг – Абылайхан Жүсіпов
80 кг – Ерасыл Жәкпеков
85 кг – Дәулет Төлемісов
+90 кг – Нұрлан Сапарбай

Қола жүлдегерлер:

65 кг – Ертуған Зейноллинов
75 кг – Сабыржан Аққалыков
90 кг – Сағындық Тоғамбай


Өзбекстан құрамасы да көзге түсті: көрші елден жарысқа тек үш боксшы қатысқанымен, үшеуі де жүлделі орындарға ие болды.

Алтын жүлде: Абдумалик Халоков (60 кг), Турабек Хабибуллаев (90 кг)
Күміс: Асадхужа Муйдинхужаев (70 кг)

Eindhoven Box Cup – Еуропадағы әуесқой бокста ең беделді турнирлерінің бірі болып саналады. Қазақстандық боксшылар үшін бұл турнир алдағы ірі халықаралық жарыстарға, соның ішінде Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлеріне дайындықтың маңызды кезеңі болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!