Қазақстан құрамасының боксшылары Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite-2026 беделді халықаралық турнирінде 17 жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы алты алтын, бес күміс және алты қола жүлдеге ие болды.
Алтын жүлде иегерлері:
Санжар Тәшкенбай (50 келі)
Махмұт Сабырхан (55 келі)
Төрехан Сабырхан (70 келі)
Нұрбек Оралбай (85 келі)
Айбек Оралбай (90 келіден жоғары)
Умида Садықова (80 келіден жоғары)
Күміс жүлдегерлер:
Аман Қонысбеков (75 келі)
Сағындық Тоғамбай (90 келі)
Нұрасыл Асылхан (90 келіден жоғары)
Назерке Серік (65 келі)
Панар Сейтханқызы (80 келіден жоғары)
Қола жүлдегерлер:
Нұрзат Оңғаров (50 келі)
Нұрбек Мұрсал (75 келі)
Тимур Нұрсейітов (75 келі)
Азамат Бектас (80 келі)
Елянур Тұрғанова (48 келі)
Гүзәл Садықова (80 келі)
Boxam Elite-2026 халықаралық турнирі 3–8 ақпан аралығында өтіп, ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстарды қамтыды. Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан атынан 10 салмақ дәрежесінде 18 боксшы, ал әйелдер турнирінде 9 салмақ бойынша 14 спортшы өнер көрсетті.
Айта кетейік, бұл жарыс қазақстандық боксшылар үшін 2026 жылғы алғашқы ресми халықаралық старт болды.