Қазақстан биылғы әлем чемпионатында алтынсыз қалды

©olympic.kz

Қазақстандық Ләззәт Күнгейбаева Нью-Делидегі 2023 жылғы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

81 келі салмақта өнер көрсететін Ләззәт шешуші айқаста марокколық Хадиджи Мардимен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бөлек шешіммен марокколық боксшыға берді. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы биылғы әлем біріншілігінде алтын жүлдесіз қалып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport