Софияда (Болгария) дәстүрлі халықаралық "Странджа кубогі" - 2026 турнирі аяқталды. Бокс әлемінде бұл жарыс маңызына байланысты кіші әлем чемпионаты деп аталып кеткен, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жұлделік есептің қорытындысы
Турнир жеңімпазы — Өзбекстан құрамасы. Өзбек боксшылары 7 алтын жеңіп алды.
Қазақстан құрамасы 4 алтын жүлдемен жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.
Ары қарай:
Украина — 3 алтын
Англия — 2 алтын
Болгария — 2 алтын
Косово — 1 алтын
АҚШ — 1 алтын
Айта кетейік, "Странджа кубогі" — Еуропадағы ең көне халықаралық бокс турнирі. 2026 жылы бұл жарыс 77-рет ұйымдастырылды.
Қазақстан бұл жарысқа ең үлкен құрамдардың бірімен келді: 39 боксшы (19 ер, 20 әйел) шаршы алаңға шықты.
Жарнама