Бокс
12 тамыз 10:25

Қазақстан Азия чемпионатындағы жүлделік есепте кімнен қалып қойды?

©instagram.com/qaz_team_official/

Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өткен 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасы жалпы тоғыз жүлде жеңіп алды: бес алтын және төрт күміс.
Қыздар арасында Азия чемпиондары атанған:
Гүлназ Бөрібаева (48 кг) мен Бақыт Сейдіш (70 кг). 

Ерлер арасында финалда жеңіске жетіп, алтын иеленгендер:

Нұрислам Қалдыбаев (60 кг), Санжаралы Бегалиев (80 кг) пен Темірлан Мұқатаев (90 кг) болды. 

Осы нәтижемен Қазақстан жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.

Жүлделік кестенің көшбасында - Өзбекстан. Бұл елдің боксшылары 18 жүлде жеңіп алды: 8 алтын, 6 күміс және 4 қола.

Үздік үштікке Қытай кірді - 3 алтын және 4 қола.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport