auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан әлемге талай Шүменов пен Головкиндерді сыйлайды, ал біз чемпион етеміз - WBA вице президенті

Қазақстан әлемге талай Шүменов пен Головкиндерді сыйлайды, ал біз чемпион етеміз - WBA вице президенті
Сурет Шүменовтың Instagram желісінен
Астанада Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBA) дероктаратының жиналысы өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, 7 шілде Астанада қазақстандық Бейбіт Шүменов пен түркиялық Хизни Алтункая осы ұйымның алғашқы ауыр салмақтағы чемпиондығы үшін жұдырықтасады. Қазақстандық шаршы алаңға шығу туралы шешім қабылдағанда, ұйым оған алғашқы жекпе-жекте-ақ тастап кеткен белбеу үшін жұдырықтасуды ұсынды. 

WBA вице-президенті Хосе Оливер Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ұйымның неге Шүменовке қолдау білдіргенін айтты және оның кәсіпқой рингтегі мүмкіндіктеріне баға берді. 

- Ұйым Шүменовке боксқа оралғандағы алғашқы жекпе-жекте чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуды ұсынып, жақсы мүмкіндік берді. Мұндай шешім неге байланысты қабылданды?

- Алдымен Қазақстанға келгеніме қуанышты екенімді айтқым келеді. Иә, Бейбіт ұйымның алғашқы ауыр салмақтағы белбеуі үшін жұдырықтасады. Себебі Бейбіт белбеуді жекпе-жектен жеңіліп берген жоқ. Соныдқатан біз оған чемпиондығын қайтаруға мүмкіндік беріп отырмыз. Жақсы жекпе-жек және Бейбіттің үлкен боксқа оралуын күтеміз. Қазақстанмен байланысымыз тығыз, мұнда WBA делегациясын ала келдік. Болашақта кіммен жұмыс істеуге болатынын қарап жүрміз. Қазақстанда кәсіпқой боксшылар көбейіп келеді. Астана мен Алматының кәсіпқой боксшылар тәрбиелеуге үлкен мүмкіндіктері бар. Бейбіт чемпион болса, елдеріңізде бокстың қарыштауына тағы бір демеу.

Қазақстанда болашағы үлкен боксшылар көп. Қазақстан көптеген әлем чемпиондарын бере алады. Шүменов қана емес қой, Головкин да бар, ол да біздің ұйымның чемпионы. Оған да үлкен қолдау көрсеткенбіз, чемион болуға. Головкин қазір кім - Р4Р үздігі, әлемнің ең мықты боксшысы. Ол қайдан шықты? Осындағы кішкентай қалашықтан.

Қазақстан әлемге Шүменовтер мен Головкиндерді көптеп бере алатынын көріп тұрмын. Ал біздің ұйымның есігі олар үшін ашық, біз оларға чемпион болу мүмкіндігін береміз. 

- Көпшілік мексикалық бокс стилі туралы айтады. Сіздіңше, қазақстандық стиль бар ма?

- Қазақстанда әуесқой бокс стилі өте күшті. Әуесқой бокстағы жетістіктері де үлкен. Өзгешіліктері де осында. Жастар чемпиондарға қарап өседі, сондықтан біз оларға осындай мүмкіндік береміз. Головкиннің кіммен жұдырықтасып жүргенін қараңызшы, Шүменов - Бернард Хопкинспен қарсыласты. Шүменов чемпион болса, біз бұл ісімізді жалғастырамыз.

Еске салайық, Шүменов екі салмақ дәрежесінде чемпион болған Қазақстаннан шыққан жалғыз боксшы. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама