Бокс
Кеше 20:05
 

Қазақстан әлем чемпионатындағы жүлделік есепте Өзбекстаннан асып түсті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан әлем чемпионатындағы жүлделік есепте Өзбекстаннан асып түсті ©IBA

IBA Дубайда (БАӘ) өткізген бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлделік есепте екінші орын алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

IBA Дубайда (БАӘ) өткізген бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлделік есепте екінші орын алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшылар 3 алтын, 1 күміс және 2 қола жеңіп алды. Әлем чемпиондары атанғандар: Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг) және Абылайхан Жүсіпов (71 кг). Сабыржан Аққалықов (75 кг) күміс жүлдеге ие болса, Теміртас Жүсіпов (48 кг) пен Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) қола жүлдегер атанды.

Турнирдің жүлделік есебінде Ресей құрамасы көш бастады - 7 алтын, 5 күміс және 1 қола. Өзбекстан құрамасы 2 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлдемен үшінші орынға тұрақтады.

Әлем чемпионаты 4–13 желтоқсан аралығында өтті. Чемпиондарға 300 мың доллар, күміс жүлдегерлерге 150 мың доллар, қола иегерлеріне 75 мың доллар сыйақы берілді. Ал ширек финалға шыққан боксшылар 10 мың доллардан алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!