Бокстан Қазақстан құрамасы Англияның Ливерпуль қаласында өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында жалпыкомандалық жүлделік есепте кқш бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық спортшылар барлығы 10 жүлде жеңіп алды: 7 алтын, 1 күміс және 2 қола.
Жүлделер кестесіндегі үздік үштік:Қазақстан: 10 (7-1-2)
Өзбекстан: 11 (6-2-3)
Үндістан: 4 (2-1-1)
Санжар Тәшкенбай (50 кг)
Махмұт Сабырхан (55 кг)
Төрехан Сабырхан (70 кг)
Айбек Оралбай (90 кг-нан жоғары)
Алуа Балқыбекова (51 кг)
Аида Әбікенова (65 кг)
Наталья Богданова (70 кг)
Назым Қызайбай (48 кг) күміс иеленді, ал Виктория Графеева (60 кг) мен Елдана Тәліпова (+ 80) қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, 2025 жылғы әлем чемпионаты 4–14 қыркүйек аралығында алғаш рет жаңа World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтті.