Бокс
15 қыркүйек 09:25
 

Қазақстан әлем чемпионатындағы жүлделік есепте Өзбекстаннан асып түсті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан әлем чемпионатындағы жүлделік есепте Өзбекстаннан асып түсті ©ҚБФ

Бокстан Қазақстан құрамасы Англияның Ливерпуль қаласында өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында жалпыкомандалық жүлделік есепте кқш бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бокстан Қазақстан құрамасы Англияның Ливерпуль қаласында өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында жалпыкомандалық жүлделік есепте кқш бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық спортшылар барлығы 10 жүлде жеңіп алды: 7 алтын, 1 күміс және 2 қола.

Жүлделер кестесіндегі үздік үштік:

Қазақстан: 10 (7-1-2)
Өзбекстан: 11 (6-2-3)
Үндістан: 4 (2-1-1)

Әлем чемпиондары атанған қазақстандық боксшылар:

Санжар Тәшкенбай (50 кг)
Махмұт Сабырхан (55 кг)
Төрехан Сабырхан (70 кг)
Айбек Оралбай (90 кг-нан жоғары)
Алуа Балқыбекова (51 кг)
Аида Әбікенова (65 кг)
Наталья Богданова (70 кг)

Назым Қызайбай (48 кг) күміс иеленді, ал Виктория Графеева (60 кг) мен Елдана Тәліпова (+ 80) қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, 2025 жылғы әлем чемпионаты 4–14 қыркүйек аралығында алғаш рет жаңа World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!